Тірек-қимыл аппаратының жарақаттанған немесе зақымданған жерлеріне тейптер салу әдістемесі. Тейп теріні көтеріңкіреп, жарақаттанған жерге түсетін салмақты азайтады. Ісінуді басады және жарақаттан кейінгі ауырсынуды жеңілдетеді. Әдістің тағы бір функциясы – түйілуді кетіреді. Ал жүктілік кезінде тейптеу қажетсіз дәрі-дәрмектерді алмастырады.
Байламдар үзілгенде, операциялардан кейін спортшылар оңалтудан жақсырақ өту үшін кинезотейптер салынады.