Буын пункциясы – буын қуысына салынған инемен талдауға синовиальды сұйықтық алу, сондай-ақ әртүрлі дәрі-дәрмектерді салу мүмкіндігі бар диагностикалық немесе емдік процедура.
Көрсетілімдері мыналар:
-ауырсыну синдромымен, ісінумен, буын қуысының ішіне патологиялық құрам жиналу қатар жүретін буын қабынуы мен дегенеративті аурулар (артрит, артроз);
-буындардың жарақаттан зақымдануы;
-буын қуысына анальгетиктер, антибиотиктер, кортикостероидті гормондар, хондропротекторлар, гиалурон қышқылы препараттары салынатын емдік пункция.