+7 708 670-93-96
Алматы қ., Медеу ауданы, ықш. Самал-2, 16б
KAZ

Норвегиялық балық майы дәрумендері

Бағыт жөнінде

ADEMAU норвегиялық NFO® брендінің Қазақстан аумағындағы ресми өкілі болып табылады. NFO® бренді – балық майы негізіндегі полиқанықпаған май қышқылдарының Омега-3 биобелсенді кешендерін, дәруменді-минералдық және өсімдік кешендерін өндіру жағынан еуропалық көшбасшылардың бірі, Еуропадағы балық майы негізіндегі ОМЕГА-3 өнімдерін өндіруде сарапшы болып табылады.

 

Жоғары сапалы NFO® Омега іріктелген шикізаттан – ең таза Норвегия теңізінің суық суларынан алынған жабайы балықтан шығарылады.

 

Барлық өндіріс алаңдары ультразаманауи жабдықтармен жабдықталған, балық аулау стансасының тура қасында орналасқан, бұл – омега-3 өнімін балық аулағаннан кейінгі бірнеше сағат ішінде өндіруге мүмкіндік береді, TOTOX* деңгейін барынша азайтады және балғын шикізаттың барлық пайдалы қасиеттерін сақтайды.

 

Балық майының өзі майда еритін дәрумендер жиынтығының көзі болып табылады, бірақ, әдетте, балық майын қабылдау кезінде темір, D3 дәрумендері мен басқалардың кешенін қосымша қабылдау қажет болады. Сондықтан NFO® бренді ассортиментіндегі омега-3-ке дәруменді-минералдық және биобелсенді өсімдік кешендерін қосты.

Біздің каталогте ұсынылған барлық дәруменді-минералдық және өсімдік кешендері табиғи компоненттерден жасалған және денсаулыққа қауіпсіз. Каталогте сонымен қатар бүкіл отбасына, достарға арналған  Омега-3 пен дәрумендердің жинағы бар.

 

Біз сізге және сіздің отбасыңызға NFO® өнімдерін  қорықпай ұсына аламыз, өйткені NFO® өнімдері әлемдегі ең қатаң сапа стандарттарына сәйкес келетініне, премиум сегменттегі ең үздіктердің бірі екеніне сенімдіміз.

Өнімді клиникадан немесе біздің инстаграмдағы @ademau_clinic парақшасынан сатып алуға болады

    Қабылдауға жазылу

    Өтінім қалдырыңыз, біздің менеджер қоңырау шалып, Сіздің келуіңізге ең жақсы уақытты таңдап береді.

    Түймені басу арқылы сіз жеке деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз