Массаж жергілікті қан айналымын күшейтеді, ұлпалар мен ішкі мүшелерден лимфа ағуына ықпал етеді, иммундық жүйенің жұмысын жақсартады. Массаж ағзаға кешенді емдік әсер етеді, соның ішінде:
- жүрек-тамыр жүйесін нығайтады;
- жүректің жұмысын жақсартады;
- іркіліс құбылысын жояды;
- буындар мен тірек-қимыл аппаратына оң әсер етеді;
- зат алмасуды жақсартады, ұлпалардың қоректенуін күшейтеді;
- орталық және шеткі жүйке жүйелерінің жұмысына пайдалы әсер етеді;
- стресті басады;
- өмірлік тонусты көтереді.
Массаж терапиясының әсері көп жағдайда бірінші сеанстан кейін-ақ байқалады. Алайда, максималды тиімділікке массаж тағайындауға қандай ауру себеп болғанына, оның қай сатысында тұрғанына, ағзаның жалпы жағдайы қандай екендігіне және сол сияқты факторларға байланысты жиілікте таңдалатын процедуралар курсы ұйымдастырылған кезде қол жеткізіледі.
Массаж сау адамдарға да ұсынылады. Бұл жағдайда массаж мына мақсаттарда қолданылады:
- түрлі аурулардың даму профилактикасы;
- иммунитетті көтеру;
- бұлшықет жүйесіне пайдалы әсер етеді. Массаж бұлшықеттерді босаңсытады, ұлпалардың иілгіштігін, қозғалғыштығы мен серпімділігін қайтарады, шаршағанды басады;
- терінің сапасын жақсарту. Массаж май бездерінің жұмысын қалыпқа келтіреді, теріні шымыр және серпімді етеді, әжімдердің пайда болуының алдын алады;
- өзін сезіну жақсарады.
Біздің клиникада 15 жылдан астам өтілі бар тәжірибелі мамандар жалпы классикалық массаж (ересектер мен балалар), лимфодренажды, арқа мен мойынға емдік массаж, целлюлитке қарсы, бетке жапон массажы сияқты массаж түрлерін жасайды.