+7 708 670-93-96
Алматы қ., Медеу ауданы, ықш. Самал-2, 16б
KAZ

Тамызғылар. IV-терапия

Бағыт жөнінде

IV-терапия (intravenous терапиясынан) – әртүрлі аурулар мен дисфункцияларды емдеу мен алдын алудың жоғары тиімді әдісі. Венаішілік терапия – ағзаға биожетімділігі жоғары, яғни барынша көбірек сіңіп, игерілетіндіктен, сондай-ақ максималды таралуынан препараттың кез келген түрін (дәрі немесе басқа сұйықтық) жеткізудің ең жылдам әдісі.

 

Препараттарды  венаішіне салу әдістеменің артықшылықтары мынандай мүмкіндік береді:

 

Ас қорыту жүйесіне салмақ салмау. Өздеріңіз білетіндей, таблеткадағы дәрумендер мен биоқоспаларды қабылдауға бәрі бірдей шыдай бермейді. Кәдімгі С дәрумені (аскорбин қышқылы) кейбір адамдарда ауырсыну, қыжыл тудыруы мүмкін, тіпті асқазанның шырышты қабаттары бастапқыда зақымдалған болса, ойықжараның ашылуына әкелуі мүмкін. Тамызғылар препараттар салғанда асқазан-ішек жолдарын айналып өтуге мүмкіндік береді.

Асқазан-ішек жолдарының мальабсорбция синдромын (заттектерді сіңірудің бұзылуы) жеңу. Көптеген адамдарда дәрумендер мен минералдар асқазандағы немесе ішектегі проблемаларға байланысты тағаммен бірге игерілмейді.  Бұдан бөлек сау адамның өзінде де ас қорыту жолында ең жоғары сапалы дәрумендердің 60-70 % ғана сіңіріледі. Тамызғылар сізге қажетті ингредиенттерді тікелей қанға жеткізуге мүмкіндік береді, онда олар 100% игеріліп, ағзаның  қажеттілігіне жарайды.

Биоқоспаларды тұтыну жиілігін азайту. Бір тамызғы дәрумендерді немесе басқа элементтерді қабылдаудың бір аптасын ауыстырады.

Қажетті затектерді мақсатына қарай тез жеткізу. Қан біздің барлық мүшелеріміз бен жүйелерімізге енетіндіктен, венаішілік терапияның әсері дәрілік және профилактикалық компоненттерді жеткізудің басқа әдістерімен салыстырғанда айқынырақ және анығырақ болады.

 

IV-ТЕРАПИЯНЫҢ КӨРСЕТІЛІМДЕРІ:

  • иммунитеттің төмендеуі;
  • созылмалы стресс;
  • терідегі гиперпигментация;
  • қайта қалпына келу процестерінің баяулау;
  • ерте қартаю, терінің тығыздығы мен серпімділігінің төмендеуі;
  • гормоналды және климактериялық өзгерістер;
  • тез шаршау және өзін нашар сезіну;
  • аурудан кейінгі қалпына келу кезеңі;
  • артық салмақ пен зат алмасудың бұзылуы;
  • дерматологиялық проблемалар;
  • құмартудың төмендеуі;
  • созылмалы аурулардың болуы;
  • асқазан-ішек жолдарының аурулары;
  • есте сақтау мен зейіннің нашарлауы;
  • уытты жүктеменің жоғарылауы;
  • ұйқының бұзылуы.

 

Тамызғы барлық препараттарды ағза дұрыс игеру үшін белгілі бір ретпен салынатын етіп жасалған.

 

Тамызғының құрамын дәрігер көрсетілімдерді, жасты, жынысты, жалпы жағдайды, дәрумендер мен минералдардың тапшылығын, аллергияның бар-жоғын және басқа көрсеткіштерді ескере отырып жеке таңдайды.

 

Құрамында лицензиялаудан өткен және ҚР-да сатуға рұқсат етілген дәрілік препараттар қолданылады.

 

Ұсынылған курсты дәрігер алдын ала зертханалық зерттеулер тапсырылғаннан кейін тағайындайды.

Қызметтердің құны

Қызмет атауы Бағасы
Лаеннек (2 ампулы) 18 500 тг
DETOX (Ағзаны уыттардан тазалау, уыттар мен ыдырау өнімдерінің ағзаға әсерін азайту) 9 500 тг
ENERGY (Өзін сезінудің жақсаруы, қуаттың толығуы) 9 000 тг
Иммунный комплекс 14 000 тг
BEAUTY (Сұлулық пен денсаулық) 14 000 тг
ANTI-AGE (Қартаю процестерін баяулату) 15 000 тг
FERRUM (Ағзаны темірмен қанықтыру) 8 000 тг
AMINO ACIDS (Амин қышқылдардың толығуы) 13 000 тг
Регенерирующий комплекс 19 000 тг

    Қабылдауға жазылу

    Өтінім қалдырыңыз, біздің менеджер қоңырау шалып, Сіздің келуіңізге ең жақсы уақытты таңдап береді.

    Түймені басу арқылы сіз жеке деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз