+7 708 670-93-96
Алматы қ., Медеу ауданы, ықш. Самал-2, 16б
KAZ

Эндокринология

Эндокринологтің жұмысы көптеген аурудан көрініс беруі мүмкін гормоналды фондағы өзгерістердің себептерін іздеумен, жоюмен байланысты.

 

Эндокринологтің қабылдауы балаларға да, ересектерге де қажет болуы мүмкін, өйткені эндокриндік жүйенің бұзылуы кез келген жаста анықталуы мүмкін.

 

Эндокриндік аурулар созылмалы түрге ауысуы мүмкін. Оларды ерте анықтау емдеуді уақытылы бастауға және асқындырмауға мүмкіндік береді.

 

Төмендегі тізімнен бір немесе бірнеше белгі бірден анықталса, ол – эндокринологтің қабылдауына жазылудың себебі болып табылады:

  • ұйқының бұзылуы: ұйқысыздық немесе ұйқышылдық;
  • аяқ-қолдың дірілі;
  • етеккір циклінің кез келген бұзылуы;
  • тәбеттің төмендеуі немесе болмауы;
  • көрінеу себепсіз салмақтың күрт өсуі немесе азаюы;
  • созылмалы шаршаңқылық пен сылбырлық, апатия,  жабығу және депрессия;
  • тым тершеңдік;
  • шаш пен тырнақтың сынғыштығы;
  • терідегі проблемалар.

 

Бұл белгілердің барлығы эндокриндік жүйенің бұзылуын тудыратын қандайда бір гормонның ағзаға жетіспеуі немесе артықтығы туралы белгі береді.

 

Біздің клиникада эндокриндік жүйенің жұмысындағы проблемаларды шешуге көмектесетін интегративті эндокринолог дәрігер қабылдайды.

Қызметтердің құны

Қызмет атауы Бағасы
По генетическому паспорту 10000 тг
По стероидному профилю слюны 10000 тг

    Қабылдауға жазылу

    Өтінім қалдырыңыз, біздің менеджер қоңырау шалып, Сіздің келуіңізге ең жақсы уақытты таңдап береді.

    Түймені басу арқылы сіз жеке деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз