Ыдырағыш хирургиялық жіп салу процедурасы қынаптың аузын тарылту және шаттағы лифтинг үшін жасалады. Жіп ыдырайды және фиброзды талшықтармен ауыстырылады. Жақын маңындағы жасушалар сүт қышқылынан белсеніп, болашақта табиғи қаңқа ретінде қызмет атқаратын коллаген бөліп шығарады. Осылайша, қабырғалардың екінші қаңқасы жасалады, ұлпа тығыздалады, соның арқасында қынап тарылады.
– Скальпельсіз, тіліксіз;
– Процедура бір сағаттан аспайды
– Амбулаториялық негізде жүргізіледі
– Еңбекке қабілеттілік сақталады
Қолданылатын көрсетілімдер:
– Пролапстың бастапқы көріністері (ішкі жыныс мүшелерінің төмен түсуі);
– сексуалдық қанағаттанбаушылық (жыныстық қатынас кезінде сезінудің әлсіреуі);
– жыныстық өмірдегі жайсыздық (жыныстық қатынас кезіндегі ауырсыну, қынапқа ауа кіру);
– 40 жастан асқан әйелдердің шатындағы птоз;
– эпизиотомия (босану кезінде шаттың айырылуы);
– стрестік зәр ұстамау (күлу, жөтелу, түшкіру, жүгіру, ауыр көтеру кезінде зәр шығу);
– жиі (қайталанатын) жыныстық инфекциялар.