Интимді контурлық пластика – интимді аймақтың терісінің астына толтырғыштардан (гиалурон қышқылының препараттары) инъекция салу. Толтырғыштарды енгізудің арқасында әйелдің сыртқы жыныс мүшелерінің терісі серпімділікке ие болады, шырышты қабықтың ылғалдануы жақсарады, белгілі бір әдістемелер қолдану кезінде (мысалы, G нүктесінің аугментациясы) жыныс мүшелерінің сезімталдығы артады, бұл – құмарту мен жыныстық белсенділіктің артуына ықпал етеді.
Интимді контурлық пластика мына кездері қолданылуы мүмкін:
– сыртқы жыныс мүшелерінің сыртқы түріне көңіл толмау;
– клитор сезімталдығының төмендеуі;
– сарпай мен қынаптағы атрофиялық өзгерістер;
– жасқа байланысты жыныс мүшелеріндегі өзгерістер;
– жыныс мүшелері шырышты қабығындағы құрғақтық пен жарылулар;
– қынаптың құрғақтығынан жыныстық қатынас кезінде әйелдің ауырсыну мен жайсыздық сезінуі;
– қынаптың созылуы мен тонусының төмендеуі.