Бет терісіне күтім процедуралары кез келген жаста қажет. Егер сіз:
- беттің жастығын ұзартуды;
- теріңіздің серпімділігін арттырғыңыз келсе;
- майда мимикалық әжімдер мен жасыңызға байланысты алғашқы өзгерістердің белгілерінен арылғыңыз келсе;
- бет пішінін сақтап, кескінін көрсеткіңіз келсе;
- ұлпалардың салбырауының алдын алғыңыз келсе (ұрттың салбырауы, басқа да деформациялар);
- теріге белсенді қоректендіру мен ылғал бергіңіз келсе, бұл –теріге кешенді күтім жасауға кіргізуге тұрарлық кәсіби процедуралар.
Бірінші консультацияда косметолог терінің типі мен тиісті процедуралар мен препараттарды таңдап алу үшін қандай проблемалар барлығын анықтайды. Әрі қарай курс тағайындалады, онда келесі процедуралар орындалады:
- тері бетін косметика мен ластанудан тазарту;
- пиллинг – қабыршақтанған жасушаларды алып тастау арқылы теріні терең тазарту;
- бетке, мойынға және декольте аймағына арнайы массаж кремін қолданып массаж жасау (кейбір жағдайларда бетке массаж жасамас бұрын әсерді күшейтуге бағытталған сарысу қолданылады: әжімдерге, пигментацияға немесе басқа);
- терідегі проблемаларды (бірінші консультацияда анықталады); жоюға бағытталған белсенді концентратты қолдану;
- маска жағу – нәрлендіретін, ылғалдандыратын, май бездерінің жұмысын бақылайтын немесе терінің жай-күйіне сәйкес басқа;
- терінің типіне сәйкес келетін кремді қолдану.
Косметологтер теріге байланысты айына 1-2 рет бет пен денеге күтім жасау процедураларын жүргізуді ұсынады. Үй жағдайында оның әсерін ұзарту үшін сіз косметолог таңдаған күтімді қолданып, барлық ұсынымдарды орындау қажет.