Терідегі артық майдан, тұрмыстық ластанудан, эпидермистің қабыршақтанған қабаттарынан, камедондардан және басқа да «жағымсыздардан» арылуға көмектесетін процедура. Косметикалық тазалау ультрадыбыстық аппараттың көмегімен классикалық механикалық әдіспен жүргізілуі мүмкін. Процедура барысында терідегі өлі жасушалардың үстірт қабыршақтануы орын алады, қабыну элементтері жойылады, терідегі қан айналымы мен алмасу үдерістері күшейеді. Терінің үстіңгі және ортаңғы қабаттары шлактар мен токсиндерден тазартылады. Косметикалық тазалауды басқа косметологиялық процедуралармен шектеусіз үйлестіруге болады: пилинг, мезотерапия, биоревитализация.
Бетті косметикалық тазалау жасқа қарамастан барлығына пайдалы, әсіресе тесіктері үлкен майлы теріге ұсынылады. Терінің типіне байланысты сізге барынша сай келетін тазалаудың түрі мен жиілігі ұсынылады.
Қарсы көрсетілімдерге жедел қабыну кезеңіндегі герпес, терінің айтарлықтай зақымдануы жатады.
Косметикалық тазалау өңделетін аймаққа байланысты 20 минуттан 2 сағатқа дейін созылуы мүмкін.
Тазалау процедурасы біте салысымен тері аздап қызаруы мүмкін, ол өздігінен басылады.