Терінің сұлулығы мен жастығын сақтаудың әсерлі және кең таралған қолжетімді әдістерінің бірі. Процедураның мәні – эстетикалық кемшіліктерді түзету үшін химиялық қосылыстардың көмегімен теріні бақылап зақымдау. Косметологияда пиллингтің екі түрі қолданылады: науқастың жасына және шешілетін мәселелерге байланысты үстірт және орташа. Бұл процедура теріні сапалы жаңартуға мүмкіндік береді, оны серпімді, әжімдерді тартылған, жас етеді. Пиллинг жасау үшін әртүрлі қышқылдардың негізіндегі препараттар қолданылады, олар қабыршықтанған жасушаларды буландырырып жібереді де, орнына жаңалары «өседі».
Жас кезде химиялық пилингтің көрсетілімдері проблемалы тері, тері тесігінің кеңеюі немесе постакне көріністері болуы мүмкін; кемел шақтағы көрсетілімдерге тері тонусының төмендеуі, майда әжімдер, пигментті дақтар, өңнің күңгірт тартуы, рельефінің әртектілігі, «шылым шегуші терісі» жатады. Бетіңіз балғын және сергек болып көріну үшін қабағыңызды немесе бетіңізді тартқаннан кейін жеңіл химиялық пилинг ұсынылуы мүмкін.
Процедураның ұзақтығы пилингке және өңделетін аймақтың ауданына байланысты 10-нан 40 минутқа дейін.
Пиллингтің тереңдігі мен типіне байланысты оңалу 3-тен 10 күнге дейін. Процедурадан кейін ваннаға, саунаға және солярийге бармау, емдеуші дәрігердің ұсынымдарын сақтау, соның ішінде күннен қорғайтын құралдарды қолдану маңызды.
Химиялық пилингтің ақырғы нәтижесін процедуралар курсы аяқталғаннан кейін бағалауға болады, бірақ сіз кейбір оң өзгерістерді бірінші процедурадан бірнеше күн өткен соң да көресіз.
Әсердің ұзақтығы жеке адамға байланысты, бірақ орташа есеппен 1 жыл. Химиялық пилинг курсын қайталауға болады.