+7 708 670-93-96
Алматы қ., Медеу ауданы, ықш. Самал-2, 16б
KAZ

Қызмет туралы

Тері астына   пациенттің өз қанының тромбоциттермен байытылған плазмасын салуды көздейтін емдік және жасартатын инъекциялық процедура. Осы әдістеменің арқасында табиғи жасару үдерісі басталады. Плазма компоненттері тері фибробластарына әсер етеді, нәтижесінде жасушалар коллаген мен эластин түзе бастайды, терінің серпімділігі, тығыздығы жоғарылайды, ұлпалардың қайта қалыпқа келу үдерісі жақсарады, біз терінің түсі мен текстурасының  жақсарғанын көреміз.

Плазмолифтинг процедурасын жүргізу үшін пациенттің венасынан  арнайы PLASMOLIFTING сынауығына аз мөлшерде қан алынады. Содан кейін үйірткі қанды эритроцитарлық массаға және тромбоциттерге бай плазмаға ажыратады. Алынған плазма емделетін аймаққа инъекция  түрінде салынады.

Нәтижесінде терінің барлық қабаттарына әсер етеді, табиғи жасару мен  қайта қалыпқа келу үдерісі басталады. Процедурадан кейін тері ылғалданып,  нәрленеді, бет терісінің түсі жақсарады, пигментті дақтар, әжімдер жоғалады, бет пішіні тартылады – айтарлықтай лифтинг байқалады.

Плазмолифтинг курсының ұзақтығын біздің клиниканың дәрігерлері әр пациент үшін жеке таңдайды. Орташа курс 3-4 процедурадан тұратынын, ал оның ұзақтығы бір айдан екі айға дейін екендігін айтуға болады.

Біздің орталықтың мамандары плазмолифтинг әдісінің авторларынан оқу оқыды және Қазақстандағы осы әдістеменің сертификатталған үйретушілері болып табылады.

    Қабылдауға жазылу

    Өтінім қалдырыңыз, біздің менеджер қоңырау шалып, Сіздің келуіңізге ең жақсы уақытты таңдап береді.

    Түймені басу арқылы сіз жеке деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз

    Мамандар

    Дина Гасанова

    Врач-дерматокосметолог, специалист по лазерной эпиляции. Стаж более 14 лет

    Раисова Майгуль Нагынбековна

    Дерматокосметолог, эндокринолог, нутрициолог высшей категории, стаж больше 20 лет

    Қызметтердің құны

    Қызмет атауы Бағасы
    Plasmolifting лица, шеи 30 000 тг
    Plasmolifting лица, шеи и декольте 40 000 тг
    PlasmoliftingGel от 50 000 тг
    Аутовакцинация от 60 000 тг