Денедегі қажетсіз түктерді кетірудің және олардың өсуінің алдын алудың тиімділігі жоғары, жайлы әдісі – лазерлік эпиляция. Өңдеу аймағында тітіркену іздері мен қызару қалдырмай түктің әртүрлі типтеріне әсер ететіндіктен, ол қара, ақшыл терминальды (қатты) және жұмсақ түктерден құтылудың ауыртпайтын әдістемесі болып қала береді.
DIOLASHEER ICE диодты лазері жылу энергиясын шығарады. Түкке тән меланин пигменті оны сіңіреді, соның әсерінен шаш түйіншесі бұзылады. Тек түкке әсер етеді, жанындағы ұлпалар қатыспайды және зақымдалмайды. Өңделген жерде тітіркену пайда болмайды, тыртық қалмайды. Диодты лазер енді өсіп келе жатқан, теріде терең жатқан шаш түйіншелеріне де әсер етеді.