Карбокситерапия – тері астына көмірқышқыл газын (CO2) салуға негізделген емдік және жасартатын әдістеме.
Ең алдымен, CO2 инъекциясы ұлпадағы оттегінің жетіспеушілігімен күреседі. Дәл осы гипоксия (оттегі деңгейінің төмендеуі) терінің серпімділігі мен созылғыштығын жоғалтуының, сонымен қатар әр түрлі ақаулардың пайда болуының (безеу, қызару және т. б.) негізгі себептерінің бірі.
Көмірқышқыл газы, қан айналымын күшейтеді және оксигемоглобиннің оттегін босатып шығаруын арттырады. Өңделген аймақ ағзаның өз ресурстарын белсендірудің арқасында қайта қалпына келуге жойқын күш алады. Нәтижесінде, бірнеше процедуралардан кейін тері астындағы тіндер қайта құрылымдалады. Бұл дәл көз алдыңда болады: алғашқы сеанстарда газ тек кейбір бағыттарда таралады, бірақ бірте-бірте оның диффузиясы біркелкі бола бастайды, бұл – фиброзды жабысулардың тарқап, тірек ұлпалардың біртектілігіне қол жеткізілгенін көрсетеді.
Сонымен қатар теріасты майларының шөгінділері ыдырап, шығады, бұл – емдік және жасартатын әсерді одан сайын күшейтеді.
Бұдан бөлек карбокситерапия фибробластардың тиісті функцияларын күшейту арқылы неоколагенезді (жаңа коллаген талшықтарының түзілуі) белсендіреді. Техниканың ең айқын эстетикалық нәтижесі – терінің серпімділігінің артып, болбырлығының кетуі осы механизмге негізделген.
Негізгі эстетикалық көрсеткіштер:
Терінің болбырлығы. Бет пішінін, бетті және мойынды өңдеу кезінде айқын оң өзгерістер 2-4 сеанстан кейін пайда болады, қол мен санның ішкі жағымен жұмыс істеу кезінде біршама көбірек (8-10 дейін) процедура қажет болады.
Көз астындағы қара шеңберлер. Ең жақсы нәтижелер терісі өте жұқа пациенттерден байқалды: олардың дермаларының беткі қабаты қалыңдайды, тамырлар азырақ байқалатын болады, терінің сыртқы агрессивті факторлардан қорғанысы күшейеді.
Созылу (стриялар). Карбокситерапия созылудың сыртқы көрінісін едәуір жақсартуға, сау терінің фонында олардың шеттерін аса көрінбейтін етуге мүмкіндік береді.
Терең тыртықтар. Теріні оттегімен байыту тыртықтану үдерісін айтарлықтай жақсартады
Әдетте, стандартты курс 4-10 сеансты қамтиды, олардың саны көрсетілімдер мен қалаған нәтижеге байланысты өзгереді. Негізгі сеанстар жиі өткізіледі – аптасына 1-2. Кейіннен қол жеткізілген нәтижелерді сақтайтын процедуралар жүргізу ұсынылады – жылына екі рет 2-4 процедура.