Дерматокосметология медициналық білімнің барынша кіріктірілген немесе тұтас бағытына айналып келеді. Терідегі жағымсыз көріністерді ағзаның жалпы жағдайы мен адамның психоэмоционалдық ерекшеліктерін ескерместен тиімді жою мүмкін емес. Біздің мамандар – жоғары білікті дерматокосметологтер. Барлық мамандар үнемі оқытудан өтеді, біліктіліктерін арттыру үшін жүйелі түрде қосымша семинарларға барады, көрмелер мен конференцияларға қатысады, әртүрлі әдістемелерге оқытатын үйретушілер болып табылады. Біз пигментті дақтар, тамырлардың торлануы, безеу, тыртықтар, терінің созылуы, терінің асқан майлылығы, құрғақ және болбыр тері, сүйелдер, әжімдер, көз астындағы қалталар және т. б. мәселелерді емдейміз.
Мұндай мәселелерді шешу үшін теріге әсер етудің классикалық процедуралар: әртүрлі маскалар, инъекциялар, массаждар, теріні тазарту да, заманауи аппараттық әдістемелер: микроток терапиясы, прессотерапия, радиожиілікті лифтинг, карбокси, пилингтер және басқа да қатары үнемі толығып отыратын құралдар қолданылады.