Адам ағзасындағы бұлшықеттердің, майдың және судың дұрыс балансы денсаулықтың мызғымас негізі болып табылады.
Салмақтың қалыптылығын шамамен бағалау үшін қолданылатын дене салмағының индексінде (ДСИ) үлкен қателік бар. Өйткені ол оның құрамдас бөліктерін анықтау мүмкіндігінсіз, тек дене салмағын ескереді.
Ерлердің әрқайсысында ДСИ 30 кг/м², бұл – 1 дәрежелі семіздікке сәйкес келеді, бірақ олардың кейбіреуіне бұл диагноз дұрыс келмейді, өйткені оның жоғары салмағы артық май емес, бұлшықет ұлпасының гипертрофиясымен байланысты.
Әйелдердің әрқайсысында ДСИ 24,5 кг/ м² құрайды, бұл қалыпты жағдай. Бұл ретте бір қыздың бұлшықеттері нашар дамыған, іш жағында артық май бар, ал екіншісінің шынымен денсаулығы дұрыс.
Дене құрамын биоимпеданстық талдау немесе биоимпедансометрия – дененің негізгі параметрлерін дәл және қауіпсіз бағалаудың жалғыз әдісі: сүйек-бұлшықет, май мен судың салмағы.
Кімге зерттеуден өту керек?
Мына ауытқулары бар кез келген адам:
- Дене салмағының индексіндегі ауытқу (жетіспеушілік, артық, семіздік)
- Холестерин алмасуының бұзылуы (дислипидемия)
- Көмірсу алмасуының бұзылуы (предиабет, қант диабеті)
- Жоғары артериялық қысым (гипертония ауруы, артериялық гипертония)
- Жүрек жеткіліксіздігі
- Зәр шығару жолдарының созылмалы инфекциясы
- Несеп-тас ауруы
Сонымен қатар өз денсаулығын сақтауға тырысатындардың барлығы!
Биоимпедансометрия мынандай мүмкіндік береді:
- Дене бітімнің типін ескеріп жеке «идеал салмақты» анықтау
- Дене құрамының балансының бұзылуын анықтау
- Дене салмағын салауатты және тиімді қалыпқа келтірудің іс-шаралар жоспарын жасау
- Параметрлердің динамикалық өзгеруіне негізделген созылмалы ауруларды емдеуді түзету
Қарсы көрсетілімдер:
- кардиостимулятордың болуы;
дененің қарама-қарсы жағында екі қол-аяқта металл құралымдардың болуы (дененің бір жағындағы қол мен аяқта металл элементтер болмаған жағдайда ғана зерттеуге болады).